Алматы қаласы әкімі құттықтау хат жолдады (ФОТО)

14 ақпан 2020 847 0
Оқу режимі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Еңбек жолыңызда еліміздің бірқатар өңірінде дәстүрлі дініміздің құндылықтарын, этносаралық және конфессиялық ауызбіршілікті сақтау мен дәріптеу жолында абыроймен қызмет атқардыңыз.

Мемлекетіміздегі бүкіл мұсылман жамағатының рухани жетекшісі ретінде Бас мүфти қызметіне сайлануыңыз 20 жылдан астам уақыттағы қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі деп білемін» делінген құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру