Алматыда ІХ республикалық Құран жарысы өтеді (ФОТО)

09 маусым 2020 5202 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27-28 шілде күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысы өтеді.        

                           

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

 

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 

 

Сондай-ақ, іріктеу сайысына үміткерлер қазақы киім үлгісінде ғана қатыса алады.

 

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Бас имамның ұсыныс хаты».
Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 17 шілдеге дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.   

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

 

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Болатханұлы

 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру