Алтай Көлгінов мешіттің құрылыс барысымен танысты (ФОТО)

20 қаңтар 2020 4613 0
Оқу режимі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен танысты.

Республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. 

Мешіт мұнаралары 130 метр, ал басты күмбездің биіктігі 88,2 метрден асады. Қала әкімдігі мешітке инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру