«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ «ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

25 қараша 2024 669 0
Оқу режимі

«AQ MESHIT» мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының басшылығымен жарыққа шыққан «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты жамағатқа таныстырылды.

Мешіт бас имамы Дәурен Мүслимов жамағатқа кітапта қамтылған тақырыптарды баяндап, зиратта жасалатын және жасауға тыйым салынатын амалдар туралы түсіндірді.

Қабірді зиярат ету ханафи мәзһабы бойынша – мұстахаб. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат еткен және біздерге зиярат етуді өсиет еткен. Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен бұрын сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған едім, енді оны зиярат етіңдер. Өйткені ол жүректі жұмсартады, көзден жас шығарады, ақыретті еске салады», – деп айтқан (имам Мүслим).

Пікірлер Кіру