Ақсақалдар институтының рөлін күшейту керек – Бас мүфти

08 қараша 2019 412 0
Оқу режимі

Елордада өткен ІХ дінтанушылар форумында негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осылай деді.  

«Ақсақалдар институтының рөлін күшейту – маңызды мәселе. Біз – қарияның дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған халықпыз. Бұл – санаға сіңген салтымыз. «Қой дейтін қожа» бола білген қаншама қарияларымыз жат ағымға кеткен жастарға насихат айтып, тәрбиесін түзеп келеді. Осы бағытта облыстық мешіт жанындағы Ақсақалдар алқасы мен ауыл, аудандағы билер кеңесі үлкен құрал бола алады», – деді Бас мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру