АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды (ФОТО)

24 қаңтар 2020 4436 0
Оқу режимі

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан. Сонымен қатар, елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды.

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру