Ақтөбеде мешітте ұрлық жасағандар ұсталды

11 қыркүйек 2018 6083 0
Оқу режимі

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен фотоаппарат ұрлағандар қолға түсті. Мешітке тиісілі фотоаппаратты ұрлады деген күдікпен 45 және 33 жастағы екі азамат ұсталып отыр. ІІД қызметкерлері мәлім еткендей, ұсталғандардың екеуі де бұрын сотты болған.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, мешіт ішінде ұрлық жасағандарды ұстады. Қазіргі кезде ұрланған фотоаппарат тәркіленді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, күдіктілердің өзге қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Пікірлер Кіру