Араб даласына Антарктидадан айсберг әкелмекші

10 шілде 2019 5136 0
Оқу режимі

Біріккен араб әмірлігінің (БАӘ) National Advisor Bureau Limited компаниясы Антарктида құрлығынан Фуджейра жағалауына айсберг жеткізу туралы жоспарына биыл кірісетіндіктерін жариялады. Алғашқы сынақ құны 80 млн долларды құрайтын болмақ.

Аталмыш компанияның араб даласына айсберг әкелу туралы жоспары 2017 жылы жарияланған болатын. Басты мақсат айсбергтен таза су өндіріп, жергілікті климатқа әсер ету болатын. Компания жорамалы бойынша алып көлемдегі айсберг аймақтағы жауын-шашын мөлшеріне айтарлықтай өзгеріс жасауы тиіс.

Дегенмен, компания басшысы Абдуллла Мухаммед әл-Шехидің бұл мәлімдемесіне БАӘ Энергетика министрі қарсы шығып, бұл тек «қауесет қана» деп бағалаған болатын. Алайда, әл-Шехи өзінің алға қойған мақсатына жетпей тынбайтынын танытып, жоба жайлы қоғам арасында талқылауын тоқтатпаған еді. Былтырғы жылы әл-Шехи патент алғандығы және осы жобаға орай ғылыми комитет құрылғандығын айтып, сүйінші де сұраған.

Ал, жақында өткен телебағдарлама барысында әл-Шехи өзінің жобасы жайлы кеңрек тоқталып, алғашқы айсберг Кейптаун (БАӘ) немесе Перт (Австралия) қаласына жеткізілетіні жайлы бөлісті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру