Арыстағы мешітке жайнамаз тарту етілді (ФОТО)

12 қыркүйек 2019 6765 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағыттарының бірі һәм бірегейі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.

Жуырда, осы мақсатта Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан әріптестік һәм бауырмалдықты насихаттау мақсатында Түркістан облысы Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітіне 400 шаршы метр жайнамаз кілем тарту етілді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ұйытқы болып, қала мешіттерінің барлық имамдары өз үлестерін қосты.

Өз кезегінде аудан имамы Әбдікамал қажы Әбдікерім және мешіт жамағаты риясыз ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру