АСТАНА ИМАМДАРЫ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА (ФОТО)

28 мамыр 2023 1619 0
Оқу режимі

Елордададағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің дін қызметкерлері Астана мешіттеріне барып іскерлік тәжірибе алмасу шараларын жүргізуде. Астанадағы орталық мешіттің наиб имамдары Жұманазар Садырханов, Тамирлан Дарханұлы, Әділхан Серікбай, Закир Санху, Ілияс Отаров қаладағы «Әс-Сәләм», «Әл-Ғани», «Төлебай», «Кунта қажы» және «Әр-Рахман» мешіттеріне барып бір күн бойы жамағатпен бірге болды. Бес уақыт намазын өткізіп, уағыз-насихат жүргізді, жамағатқа дәрістер өткізіп, мешіт қызметкерлерімен кеңесті. Сондай-ақ, әр мешітке «Muftіyat» баспасынан шыққан соңғы кітаптар мен ҚМДБ мәжілістерінде қабылданған маңызды құжаттар табысталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараларды атқару міндеті тұр. Біз үшін қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан дін қызметкерлері мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, берекелі, ізгі қоғам орнатуға ықпал етуі тиіс» дей отырып, имамдардың біліктілігін арттыруға маңыз беру керек екенін айтқан болатын. Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы аталған мәселені қолдап, Астана имамдарына тапсырма берген болатын.

Мешітаралық тәжірибеалмасу тұрақты түрде жүріп,  әрі қарай да жалғасын таба бермек.

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру