АСТАНА ИМАМДАРЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ» ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ (ФОТО)

06 қыркүйек 2024 303 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері,  имамдар мен ұстаздар Б. Момышұлы көшесінде орналасқан «Достық үйіне» арнайы экскурсия жасап, оның ішіндегі танымдық мәні зор дүниелермен танысты.

Атап айтсақ, әртүрлі ұлттардың этномәдени дүниелерін көріп, өзара түсіністік пен сыйластықта бір елде ғұмыр кешіп жатқан қазақстандық диспоралардың тұтынған заттары мен рухани жәдігерлерін тамашалады.

Сондай-ақ, ұлтымыздың әсем оюларымен безендірілген арнайы бөлмелерге кіріп, сурет түріндегі қазақ хандарының алтын тізбегін көз елегінен өткізді.

Пікірлер Кіру