«АСТАНА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ ТАЛАПКЕРЛЕРДЕН ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

26 тамыз 2022 2619 0
Оқу режимі

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медресе-колледжінің талапкерлері емтихан тапсырды.

Қабылдау емтиханының коммисия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы (төраға), ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, «Астана» медресе-колледжінің директоры Бақтыбай Қыдырбайұлы мен директордың орынбасары Қанат Қалымбетұлы болды. 

2022-2023 оқу жылында  «Астана» медресе-колледжінің қабылдау коммисиясына 85 талапкер  құжат тапсырды. Екі күнге созылған  емтихан нәтижесінде 80 талапкер оқуға қабылданды.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру