АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ «ӘЛ-ФАТТАХ» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ОҚЫ ДА, ЖОҒАРЫЛА!» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

01 ақпан 2024 915 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қалалық «әл-Фаттах» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында «Оқы да, жоғарыла!»- атты рухани кеш өтті.

Іс-шара әжелердің  Құран хатым дұғасын оқуымен басталып, имани көріністер қойылып, ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратумен, уағыз насихаттар айтумен жалғасын тапты. Мешітке жамағат болудың, шәкірт болудың артықшылығы, бір үммет болып білім алудың маңызы жайлы ұстаз Зарина Шамдуллақызы  уағыздар айтып, қасиетті Құранға деген махаббаты арттыру, Алла Тағаламен байланысты күшейту мақсатында шараға қатысушыларға Құран  планёр сыйға тартты.

 

 

Пікірлер Кіру