АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ХІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТЕДІ

17 тамыз 2023 1792 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен биыл еліміз бойынша Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ Республикалық Құран байқауы өтеді. Еліміздің барлық өңірлерінен жүзден жүйрік шыққан қарилар қатысатын айтулы байқауға Астана қаласынан қатысатын Құран білгірлерін анықтау мақсатында «Ырыскелді қажы» мешітінде 19 тамыз күні іріктеу сайысы өтеді. Басталуы 09.00-де.

Айта кетейік, сайысқа жасы 30-дан аспаған, Қазақстан Республикасының кез келген Құран жаттаған азаматы қатыса алады. Байқау «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдарына бөлінген.

Қосымша мәліметтер үшін төмендегі анықтама телефонына хабарласуға болады: 8 778 536 44 40

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру