АСТАНА ҚАЛАСЫНДА МЕШІТАРАЛЫҚ СПОРТ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

17 желтоқсан 2022 2491 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам — ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында мешітаралық «Ынтымағы жарасқан жастар» атты спорт сайысы өтті. Эстафеталық жарысқа Астана қаласындағы 9 мешіттің шәкірттері қатысты. 

Сайыс нәтижесі бойынша Республикалық бас мешіттің «Бірлік» тобы топ жарып шықты. Ал 2-орынды «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Инабат» қыз-келіншектер клубы иеленсе, «Әл-Фараби» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубы 3-орынға қанағаттанды. Қалған мешіт шәкірттері ынталандыру дипломдарымен марапатталды. 

Сайыс соңында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының басшысы Зарина Шамидуллақызы қазылар алқасына алғысын айтып, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ,  жеңімпаз шәкірттерге де спортқа қажетті заттар сыйға берілді.

Айта кетейік, аталған шараға «Раиса ана» мешітінің ұстаздары жауапты болды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру