АСТАНА ҚАЛАСЫНДА «ЖАНҒАЛИ СУТДЕНТТЕР ҮЙІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

20 желтоқсан 2023 836 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен бүгін шаһар шетіндегі «Әс-Сәлам» мешіті жанынан «Жанғали студенттер үйі» қайырымдылық мекемесі ашылды. 20 шәкіртке лайықталған қайырымдылық мекемесінің ашылу салтанатына ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев, қала бас имамы Ерболат Жүсіпов және өкілдіктің жауапты мамандары қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған игі шара барысында қатысушылар жатақхана жұмысына сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдірді. «Әс-Сәлам» мешітінің тұрақты жамағаты Мұқаметқали Сайдалинов ақсақал ақ батасын берді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру