АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «АЛҚА» РАДИОСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

07 қазан 2026 137 0
Оқу режимі

Қазіргі цифрлық заманда діни сұраққа жауап табу қиын емес. Алайда ақпарат көп ортада дұрыс әрі сенімді діни мәліметті қайдан алу керектігі маңызды. Осы мәселені арқау еткен «Алқа» радиосының тілшісі Қуат Ахметжан «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келіп, Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлымен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңызы, әлеуметтік желілердегі фейк діни аккаунттар мен күмәнді ақпараттың жастарға ықпалы сөз болды. Сондай-ақ теріс ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.

Бас имамға діни сұрақтарға жауапты қайдан іздеу керек, әлеуметтік желідегі жалған діни парақшаларды қалай ажыратуға болады, мешіттердегі пәтуа-кеңес бөлмелері қандай мәселелер бойынша кеңес береді деген сауалдар қойылды.

Сонымен қатар сұхбатта отбасылық жанжалдардың алдын алуда имамдардың рөлі, дін мен дәстүрдің арақатынасы, шетелде діни білім алудың ықтимал қауіптері, жастарға қажет тәрбие мен білім мәселелері де қамтылды.

Әңгіме барысында білім мен тәрбиенің, еңбекқорлық пен ізденістің қатар жүруі, жастардың діни сауатымен бірге ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі қажеттігі жөнінде де пікір айтылды.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Алқа» радиосының арнайы бағдарламасынан көріп, аталған тақырыптар бойынша бас имамның пікірін тыңдай аласыз.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру