АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

01 ақпан 2023 1819 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы барып, құлшылық ордасының жұмысымен танысып қайтты. Мешіт ұжымымен кездесу өткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа бағыттары бойынша жауапты имамдармен танысып, 2023 жылғы іс-шаралар жоспарын талқылады.

Мешіт жұмысын жандандыру, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылар іс-шаралар, уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық істері, т.б. өзекті діни мәселелер бойынша мешіт ұжымына байланысты өз ұсыныстарын айтып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі жүргізіліп жатқан кеңейту, әрлеу жұмыстарының құрылыс барысымен танысып, игі іске сәттілік тіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру