АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ АРШАЛЫ ТҮРМЕСІНДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

28 наурыз 2024 520 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған бір топ имамдар Елордадан 50 шақырым жерде орналасқан Аршалы кентіндегі ЕЦ-166/5 түрмесіне барып, арнайы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.  

Тәртіпке бағыну, имандылық, құлшылыққа деген тұрақтылық тақырыбында әңгіме өрбіткен қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мекемеде жазасын өтеп жатқандарға сабыр мен ынта-жігер тілей отырып, рухани демеу берді.

Уағыз-насихатқа толы басқосуда жазасын өтеушілер өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, дін қызметкерлерінен тұщымды жауаптар алды. Артынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftyat» баспасынан жарыққа шыққан «Намаз оқу үлгісі», «Рамазанға қатысты 150 сұрақ», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітаптары мен кішігірім кәдесыйлар таратылды.

Возможно, это изображение 9 человек

Возможно, это изображение 8 человек и текст

Возможно, это изображение 5 человек

Возможно, это изображение 6 человек и текст

Пікірлер Кіру