Астанада діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсы басталды (ФОТО)

20 қараша 2018 7801 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында діни кадырлардың біліктілігін арттыру курсы басталды.

Курстың ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласы бойынша өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқарма басшысы Мұрат Смағұлов, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Мұқанов, ҚМДБ-ның Діни білім және кадыр дайындау бөлімнің бас маманы Марат Жаппасбаев, «Әлжан Ана» мешітінің Бас имамы Қалижан Заңқоев қатысты.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Басты мақсат – білімді жетілдіру. Бұл курс бір жағынан кәсіби тұрғыда шыңдалу болатын болса, енді бір жағынан өзара тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен бірге, бұл курстан теріс ағыммен жұмыс тәсілдері мен алдын алу жолдарын үйренетін боласыздар. Ел арасында көп жүресіздер, жамағат білмегенін сіздерден сұрайды. Сол үшін, еліміздің тарихын да, Ислам тарихын да жетік білулеріңіз керек», - деп атап өтті.

Наиб мүфтидің мәліметінше, аталған курс еліміз бойынша 3 қалада өткізіліп жатыр. Ал, бүгін Астана қаласында басталған біліктілікті арттыру курсына 8 өкілдіктен 80 имам қатысып отыр.

ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқарма басшысы Мұрат Смағұлов:

«Сіздер – жамағатпен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болатын, сұрақтарына жауап беретін діни мамансыздар. Азаматтардың арасында көптеген сұрақтар туындайтыны белігілі. Кейбір сұрақтарға жауап табылса да, кейбір заманауи мәселелер бар. Оған жауап беру үшін діни кадырлар жан-жақты білімді болуы керек. Қысқа мерзімде ғылым жағынан имамдар білімін тереңдетуді көздеп отырмыз», - деді. Сондай-ақ, М. Смағұлов имамдардың діни білімімен қоса, заңдық білімдері мен зайырлылық білімдерін де жетілдірудің маңызын тілке тиек етіп, курс барысында өңірлерден келген дін қызметкерлеріне білікті мамандар қосыны сабақ беретінін айтты. 

Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Мұқанов имамдарды бұл реткі курстың мән-жайымен таныстырды. Сондай-ақ, курсқа қатысушылардың «Әлжан Ана» мешітінен өндірістік практикадан өтетінін атап өтті.  

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің қолдауымен және қаржыландыруымен өткізіліп жатқан бұл реткі діни кадырлардың біліктілігін арттыру курсы 20 күнге ұласыды деп жоспарлануда.

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

Дереккөз: Астана өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру