Астанадағы «Ақмешітке» жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

11 қаңтар 2019 1900 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Ақмешіт» мешіті жаңа қызметкермен толықты. Жыл соңында жамағатқа есігін айқара ашқан Елордамыздағы оныншы құлшылық ордасының наиб имамы қызметіне Абдиралиев Фаркат Исаұлы тағайындалып, мешіт жамағатына таныстырылды.

Жұмаға жиылған жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұйрығын оқып беріп, жаңа қызметкерді таныстырып өткен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет ізгі тілегін жеткізіп, жұмысына табыс тіледі. Ашылғанына екі аптадан енді асса да іші жамағатқа лық толған жаңа мешіт мінберіне көтеріліп, татулық пен бірлік жайындағы жұма уағызын жүргізді.

Абдиралиев Фаркат Исаұлы 2006-2007 ж.ж Түркістан қаласы, «Қожа Ахмет Яссауи» медресесінде дайындық курс оқыған. 2007-2010 жылдары Шымкент медресесін «Исламтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2010-2013 жылдары «Нұр Мүбарак» Мысыр Қазақстан Ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды.

2010 жылы Түркістан қаласындағы «Үш Арыс» мешітінде наиб имам қызметін атқарған. 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келген.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру