Әуе диспетчері жер сілкінісі кезінде өз өмірін қиып, лайнерді құтқарды

01 қазан 2018 6059 0
Оқу режимі

Индонезияда жер сілкінісіне қарамастан жұмыс орнында қалған 21 жастағы әуе диспетчерін соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Антониус Гунаван Агунг 28 қыркүйекте Сулавеси аралындағы Palu's Mutiara SIS Al-Jufrie әуежайында жұмыс орнында болған. Ол магнитудасы 6,1 болған алғашқы жерасты дүмпулері басталғанда бортында жүздеген жолаушысы бар Batik Air әуе компаниясының рейсі әуеге көтерілгенге дейін командалық-диспетчерлік мұнараны тастап кетуден бас тартқан.

Ұшақтың аман-есен жерден көтерілгеніне көз жеткізген  жас жігіт түспек болған кезде мұнара қирай бастайды. Сол сәтте жерасты дүмпуі 7,4 магнитудаға жетіп қалған еді. Төртінші қабаттан секірген ол көптеген жарақат алды. Таяу маңдағы ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда, ер адам оны заманауи жабдықталған медициналық мекемеге жеткізетін тікұшақ келгенге дейін көз жұмды.

Антониус Гунаван Агунг бір айдан кейін 22 жасқа толатын еді. 

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру