ӘЙЕЛ ШӘКІРТТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ» АТТЫ БІЛІМ ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

08 желтоқсан 2022 2314 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Діни сауат ашу курсының әйел шәкірттеріне арналған «Қыз өссе — елдің көркі» атты білім шарасы өтті. Шараға қатысушы барша әйел жамағатына қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды.

Іс-шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысты. Ол әйелдің Исламдағы орынын, сондай-ақ, білім алудың маңыздылығын баса айтты.

Жиынға психолог Рамазан Рахматулла шақырылды. Ол психология ілімінің Исламнан шыққанын айтып, жамағаттың сұрағына жауап берді. Шара соңында қонаққа Құран кәрім мен «Үміт сәулесі» кітабы тарту етілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру