Әйел жамағаты мешіт ішіне тазалық жүргізді (ФОТО)

09 ақпан 2019 7150 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты құлшылық ордасында сенбілік өткізді. «Инабат» қыздар клубының ұйымдастыруымен жүзеге асқан сенбілікке «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері мен жалпы жамағат атсалысып, алып мешіттің ішін айнадай ғып тазартып шықты.

Білек сыбана іске кіріскен 40-тан астам қыз-келіншек құлшылық ордасының үлкен және кіші залын, үшінші қабаттағы қызметтік кабинеттер мен дәрісханаларды тазалап, сауапты шара атқарды. Сенібілік соңынан жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, арадағы достық байланысты нығайту түсу мақсатында арнайы дастархан жайылып, шай берілді. Дастархан басында мешіт ұстаздары жамағатқа уағыз айтып, отырыстың рухани маңыздылығын арттыра түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру