ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН «ЖҰМА НАСИХАТЫ» БАСТАЛДЫ (ФОТО)

09 қыркүйек 2022 739 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазынан кейін әйел жамағатына арналған «Жұма насихаты» жобасы қайта жалғасын тауып, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы аясындағы уағыздар топтамасы басталды. Нұр-Сұлтан өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әр жұма сайын әйел жамағатына осы кітап аясында «Жұма насихаты» айтылып тұрмақ.

Ихсан ілімі аясындағы алғашқы кездесуге ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы шақырылып, жамағатқа Жаратушы Алланы тану тақырыбында уағыз айтылды. Кездесу соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптар бойынша ақпарат берілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру