ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА КӨНЕ ТҮРКІ КІТАПТАРЫН ОҚУ МҮМКІНДІГІ ТУМАҚ (ФОТО)

16 мамыр 2023 1667 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана мешіттерінің әйел ұстаздарына көне түркі кітаптарын оқып-үйренуге арналған семинар өтті.

Астана қаласында мешіттерде классикалық діни түркі кітаптарын оқыту курстарын ашу жолға қойылып келеді. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында атап, тапсырған болатын.   Екі айдан бері көне түркі кітаптарын оқу ерлер жамағаты үшін ғана қолжетімді болса, енді әйел жамағаты үшін де мүмкіндік тумақ.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғы сөз сөйлеп бастап берген жиында  «Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамы Төрежан Жүніс көне түркі тілінде жазылған «Устади әууәл» кітабы бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, ол жиынға қатысушы ұстаздарға аталған кітапты оқытудың практикалық әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Елорда бас имамы Ерболат Жүсіпов «Устади әууәл» кітабы біз қолданып жүрген «Мұғалім сәнидің» қызметін атқаратынын және бұданда басқа көне түрки кітаптарда маңызды діни мәселелер жазылғанын атап өтті. Ол өз сөзінде: «Исламды ұлттан бөлгісі келетін алауыздық тудырушы топтар көбейген уақытта, ата-бабамыздың дінді терең түсінгеніне дәлел болатын осынау түркі кітаптарын жамағатқа оқыту маңызды», - деді.  

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру