АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ (ФОТО)

21 сәуір 2023 1865 0
Оқу режимі

Мұсылман жұртшылығының  төл мейрамы Ораза айт күні астаналықтар үшін ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.  Күндердің сұлтаны Жұмаға тұспа-тұс келген ұлық мейрам үшін мешіт ауласында арнайы іс-шара өткізіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Айт мерекесі мәдени-спорттық шаралармен қоса Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «Қайырымдылық жәрмеңкесімен» де есте қалды.

«Қайырымдылық жәрмеңкесіне мешітіміздің әйел-ұстаздары, «Инабат» қыз-келіншектер клубы мен қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты. 

Шараның мақсаты – жәрмеңкеден түскен қаражатты қайырымдылық шараларына, әсіресе, Онкология бөлімшесінде емделіп жатқан кішкентай бүлдіршіндердің еміне жәрдемдесу. Жәрмеңкедегі түрлі дәмді тағамдарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Мешітімізде өтетін әрбір «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» жоғары деңгейде өтуіне мешіттің тұрақты шәкірттері ықпал ететінін ерекше атап өтуіміз керек.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру