«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 31 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Қайырымдылық – қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттыратын ізгі амалдардың бірі. Осы бағыттағы игі шаралардың бірі Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде ұйымдастырылды.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 31 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі бастама мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, олардың тұрмысына аз да болса демеу болу мақсатында ұйымдастырылды.
Қайырымдылық іс-шарасына «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Рақымқазы Қабдысалым және «Әс-Сәлам» мешітінің имамы Дастан Зияшұлы қатысты.
Іс-шара барысында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, дұға жасалды. Дін қызметкерлері қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – асыл дініміздің құндылықтарының бірі екенін атап өтті.













Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі