«Әзірет Сұлтан» мешіті Онкология орталығындағы науқастарды құттықтады (ФОТО)

22 тамыз 2018 7615 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Құрбан айтта қуандыр» жобасы аясында Астана қаласындағы Онкология орталығындағы науқастарды зиярат етіп, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап қайтты. Бас мешіттің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин бастаған топ орталықтағы әр науқастың бөлмесіне арнайы бас сұғып, ұлық мереке құрметіне орай гүл шоқтары мен тәспі таратып қайтты.

Асыл дінімізде сырқат жанның жағдайын сұрап, зиярат етіп шығудың сауабы мол екені айтылады. Осы игі дәстүрді қасиетті Құрбан айт мерекесінде жаңғыртып, қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлаған мешіт қызметкерлеріне дәрігерлер қауымы да дән риза. Орталықтағы емделушілерге ең алдымен ертеңге үміт-сенім, айналасындағылардың ақ тілегі мен қолдауы өте қажет дейді олар. Орталықтың бас дәрігері Мұхтар Есенжанұлы бастаған ақ халатты абзал жандар Бас мешітке алғыстарын білдіріп, «Құрбан айтта қуандыр» жобасының алдағы уақытта бұқаралық сипат алып, халық арасында жалғаса беруін тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру