«Әзірет Сұлтан» мешіті онлайн дәрістер жүргізуді бастады

26 наурыз 2020 181 0
Оқу режимі

Елімізде уақытша карантин жариялануына байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешіттегі барлық уағыз-дәрістер онлайн жүйеге ауысқан болатын. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті де осыған үн қосу мақсатында онлайн дәрістер тізбегін бастағалы отыр.

Бүгін ақшам намазынан соң, Елорда уақытымен сағат 20:00-де алғашқы тікелей эфир дәрісін Нұр-Сұлтан қаласы және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Имамға ұюшының Құран оқу үкімі» тақырыбында бастайды.

Онлайн дәрісті мына жерден көре аласыздар!
 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру