«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ ҚАРИЯЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

03 қазан 2022 598 0
Оқу режимі

Өткен апта соңында Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы зиярат жасалып, қарияларға құрмет ретінде «Қариялар – қазынамыз» атты шара өтті.

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін орталыққа «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана өкілдігі бойынша жауапты өкілі Мерей Жақия бастаған мешіт қызметкерлері арнайы сыйлық сөмкелерін үлестіріп, қарияларға мерекелік бағдарлама ұсынды. Қарттар күніне орай орталықтың барлық тұрғындарына гүл шоқтары таратылып, ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ, қарияларға ән мен күйден шашу шашылып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шара барысында Мерей Жақия құттықтау лебізін білдіріп, қарияларға Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының дұғай сәлемін жеткізді. Бұған қоса, демеушілердің қолдауымен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы еттартқыш машина тарту етілді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру