«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА БЕЙІМДЕЛУДЕ (ВИДЕО)

15 мамыр 2023 3032 0
Оқу режимі

Елорда төрінде орналасқан «Әзірет Сұлтан» мешітінде күннен күнге жамағат көбеюде. Тиісінше,  қызметкерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында мешіт жаңа технологиялармен жабдықталып келеді. Мәселен, соңғы бір жыл ішінде қызметкерлердің жұмысқа келген және кеткен уақытын базаға енгізіп отыратын саусақ ізін басатын құрылғы орнатылды. Сондай-ақ, намазда имамдыққа шығатын дін қызметкері мен азаншыларға арналған бөлмеге кіру үшін Face-ID қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Арнайы қызметкерлер ғана кіре алатын азанханада имамдардың жеке заттарымен қоса, уағыз-насихат жүргізгенде, іс-шаралар және намаз өткізгенде пайдаланылатын дыбыс шығаруға арналған техникалық құрылғылар орналасқан.

Осыдан бірнеше күн бұрын намаздың алдында намаз оқушы жамағатқа алдын ала дайындалған аудиоескертпе базаға енгізілді. Енді азаншы қамат айтып болғаннан кейін бір түймені басу арқылы жамағатты маңызды ескертпелермен құлағдар етеді.

Айта кетейік, мешіт қызметкерлерінің барлығы дерлік компьютермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мешітімізде діни бағдарлама түсіретін студия, аудиостудия және ақпараттық, рухани-ағарту порталының әкімшілігі орналасқан.

 

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру