«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ ЖАҢА МЕДИА ЖОБАЛАР ҰСЫНАДЫ (ФОТО)
Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты Muslim.kz ақпараттық порталы жаңа жылдан бастап бірқатар медиа жобаларды көрермен назарына ұсынады.
Атап айтқанда, «Руханият time» подкаст жобасы (алғашқы саны Рамазан айына дайындық тақырыбына арналды), хадистерге кеңінен түсіндірме беретін «Хадис тағылымы» бағдарламасы және әр жұма сайын шығатын «Ғибрат» хабары көрерменге жол тартты. Аталған жобаларды «Әзірет Сұлтан» мешітінің медиа алаңдарынан бөлек, ҚМДБ-ның «Мұнара» телеарнасынан да тамашалауға болады.
Айта кетейік, жуырда ғана «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Munara TV студиясы қайта жаңартылып, оның ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысқан еді.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі