«Әзірет Сұлтан» мешітінде ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға арналған рухани кездесу өтті
Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлының бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.
«Аталар мектебі» мен «Әжелер мектебі» аясында өткен жиында жамағаттың ақсақалдары мен ардақты аналар ақ дастархан басында бас қосып, рухани сұхбат өрбітті.
Кездесу барысында Астана қаласына жаңадан тағайындалған бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы ақсақалдар қауымы және ақ жаулықты аналармен жүздесіп, баталарын алды. Сонымен қатар ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, дін мен дәстүр сабақтастығы және қоғамдағы үлкендердің өнегесі жайында тағылымды ойлар айтылды.
Бас имам өз сөзінде Құрбан айт мерекесінің бауырмалдық пен мейірімді арттыратын ұлық мейрам екенін атап өтіп, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету – қазақ халқының асыл құндылығы екенін жеткізді.
Жиын барысында ақсақалдар мен аналар тарапынан ақ тілектер айтылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығына дұға жасалды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі