«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «АТАЛАР МЕКТЕБІНІҢ» МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

26 шілде 2024 641 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде өкілдікке қарасты «Аталар мектебі» клубының ақсақалдары бас қосты. Жиында ақ дастархан жайылып, қажылықтан оралған қариялар Құран дұғасын жасатып, игі басқосуға мұрындық болды.

Игі шараның тізгінін ұстаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, «Дін мен дәстүр» және «Ізгі қоғам» бағытына жауапты маман Омар Салимбеков ақсақалдар мен барша қатысушыларға алғысын жеткізе отырып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Садырхановқа сөз кезегін ұсынды.

Жұманазар Өсерханұлы бүгінгі жиынға себеп болып отырған көнекөз қарияларға мешіт ұжымы атынан ризашылығын жеткізе отырып, жұртымызға тыныштық, қарияларымызға амандық тіледі.

Пікірлер Кіру