«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті (ФОТО)

30 қараша 2018 7880 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы өкілдігі мен Діни проблемаларын зерттеу орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» болып өтті. Қасиетті жұма күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Астана қаласы өкілдігіне «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «С.Ғылмани», «Шейх Кунта қажы» мешіттеріндегі «Инабат», «Жібек», «Аналар мектебі» қыздар клубы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Ханшайым» тобының мүшелері белсене атсалысып, жұма намазына келген жамағатты өз қолдарымен дайындаған тағамдармен қуантты.

Жәрмеңке сөрелерінде әйел жамағатының өздері әзірлеген тағам түрлері ғана емес, шариғат талаптарына сәйкес жасалған түрлі косметикалық өнімдер, киімдер, әшекей заттар мен діни әдебиеттер сатылып, бес жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» аясы кеңейе түсті.

Айта кетейік, жәрмеңкеден жиналған қаржы алдағы уақытта қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады. Астана өкілдігінің қарасты мешіттердің әйел жамағаты бұған дейін жәрмеңкеден түскен қаражатты «Ана мен бала» орталығындағы науқас сәбилердің еміне жұмсаған болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру