«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАТТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАРИЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

18 қазан 2024 590 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласындағы «Әли-Имран» қайырымдылық мекемесінде арнайы Құран дәрістерін алып, Алланың кітабын жаттап шыққан шәкірттер марапатталды.

Қасиетті жұма күнінде жамағат алдында өткен марапаттау рәсімінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов қариларды құттықтап, арнайы ақшалай сыйлық сертификаттарын тарту етті.

Сондай-ақ, аталмыш орталықта ұстаздық қызмет атқарып, шәкірттерге Құран үйретіп, Алланың дініне қызмет етіп жүрген ұзтаздар қауымына да өз алғысын білдіріп, шәкірттерінің жетістіктерімен құттықтады.

Өкіл имам Құран Кәрімді жаттап, қасиетті сүрелер мен аяттарды бойға сіңірудің орасан маңызын айта отырып, жас қариларға сәттілік тіледі.

Жиын соңында ақсақалдар батасын беріп, елімізде қарилардың көбейе беруін тілеп дұға жасады.

Пікірлер Кіру