«Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

15 қараша 2019 1239 0
Оқу режимі

Әр жұма сайын жамағатты дәмі тіл үйірген тәтті тағамдарымен қарсы алатын «Қайырымдылық жәрмеңке» саудасы бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы қыз-қыз қайнады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатынан құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен жамағатқа түрлі тағам түрлері мен тәтті бәліштер, ұлттық сусын түрлері ұсынылып, қасиетті жұма күнінде сауапты сауда жасауға жол ашты.

Айта кетейік, «Мейірімділік мекені» жобасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңкеден жиналған қаражат соңғы тиынына дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатының дәнекер болуымен түрлі қайырымдылық шараларына жұмсалып келеді.

Жамағаттың рахметін алып, науқас жандардың сауығуына көмектесуге мүмкіндік сыйлаған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысушылардың қатары да соңғы кездері көбейе түскендей. Соңғы кездері әйел жамағаты әзірлеген тағамдармен қатар жәрмеңке сөрелерінде пайда болған түрлі діни бұйымдар мен киім түрлері, қолөнер туындылары мен рухани-діни кітаптар да осыны айғақтай түсетіндей.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру