«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

20 желтоқсан 2023 1046 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі мен Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жусан» операциясымен елге қайтарылған жандармен «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы кездесу шарасы өтті. Кездесуге Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы мен басқарма мамандары, қала бас имамы Ерболат Жүсіпов мырзалар қатысып, азаматшалардың қазіргі жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, кездесу барысында оңалту шаралары, құжаттарға қатысты мәселелер, балалардың жай-күйі талқыланды. Жат жерде түрлі қиындықтарды бастарынан кешкен әйелдер өздерінің мұң-мұқтаждықтарымен бөлісіп, қамқорлық пен қолдау көрсетіп келе жатқан жандарға алғытарын білдірді.

Кездесу соңында ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай құлшылық ордасының қонақтарына сый-сияпат табысталып, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы құттықтау лебізін жеткізді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру