«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі мереке ұлттық нақышта әрлене түсті (ФОТО)

11 тамыз 2019 4867 0
Оқу режимі

Қасиетті құрбан айт мерекесі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұлттық нақышта ұлықталды. Айт намазын оқып болған жамағатты мешіт ауласындағы мереке күтіп алды. Құлшылық ордасының қос қанатына тігілген аппақ қазақ үйлер алыстан көз тартып, бүгін мереке екенін айқындай түскендей. Қаз-қатар тізілген қайырымдылық жәрмеңкесінің сөрелері де бүгінгі мерекенің сәнін арттырып, жамағатқа өз жылуын сыйлады.

Бұдан бөлек, жамағат арасында ұлық мереке құрметіне орай ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мерекеге жиылған жамағат арасында арқан тартыс, қол күресі, гір көтеру және асық ойындары бойынша сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаз анықталды. Көп арасынан суырылып шығып, жеңімпаз атанған жүректі де білекті жігіттерге мешіт атынан «Алғыс хат» табысталып, арнайы жүлделермен марапатталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру