«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ЖАҢА НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды.
Намазға жиылған жамағат алдында Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы жаңадан тағайындалған Ақпаров Қондыбай Серікбайұлын таныстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.
Бас имам жаңа қызметке тағайындалған Қондыбай Серікбайұлына жауапты жұмысына сәттілік тілеп, қызметіне береке тіледі.
Ақпаров Қондыбай Серікбайұлы
1978 жылы 24 мамырда Жезқазған облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген.
Білімі:
1995-1997 ж.ж. Алматы қаласындағы Ислам институтын бітірген.Біліктілігін арттыру мақсатында 2005 жылы Түркия Республикасында діни білім жетілдіру курсынан өткен. 2008 жылы Мысыр Араб Республикасындағы Әл-Азһар оқу орнында білім жетілдіру курсында біліктілігін арттырған.
Жұмыс тәжірибесі:
1997-2000 ж.ж. Жезқазған өңірі, Жезқазған қаласы орталық мешітінде наиб имам;
2000-2003 ж.ж. Алматы қаласы Орталық мешітінде наиб имам;
2003-2011 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысының өкіл имамы және Өскемен орталық мешітінің бас имамы;
2011-2013 ж.ж. Жезқазған өңірінің өкіл имамы және «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің бас имамы;
2014-2023 ж.ж. Жезқазған өңірі, Сәтбаев қаласындағы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы;
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді.










Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі