«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

04 шілде 2024 997 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар қари Сәлімбеков «Әл-Ғани» мешітінде құптан намазының алдында жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Құптан намазына жиналған жамағат құлшылық алдында «Үммет бірлігі» тақырыбында үгіт-насихат тыңдап, рухани азық алды. Сондай-ақ, жәннат бақшаларынан болған жиында имам Омар қари құлшылыққа ден қоюдың жолдары мен оның маңызы туралы да баяндап өтті.

Ислам – амандық пен бейбітшілік діні. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілгенін Құран да баян етеді: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» (Әнбия сүресі, 107-аят). Мұсылмандар осы ерекшелікпен қашанда өз діндерін мақтан етіп, насихаттап келеді.

12 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру