«Әзірет Сұлтанның» әйел жамағаты арасындағы «Білім байқауы» мәресіне жетті (ФОТО)

11 қаңтар 2019 1842 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма намазынан соң республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасындағы Білім байқауының ақтық айналымы болып өтті. Бас мешіттегі Діни сауат ашу курсында дәріс алатын 90 шәкірт арасынан суырылып үздік шыққан 6 үміткер жамағат алдында білім жарыстырды.

«Әйелдерге арналған ғылымхал» кітабы негізінде ұйымдастырылған «Білім байқауының» іріктеу кезеңі былтырғы жылы тест түрінде өткізіліп, жоғары ұпай жинаған алты үміткер таңдалып алынған болатын. Билет суырып, білімін жамағат алдында дәлелдеген қатысушылардың арасынан жеңімпаз таңдау ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғаиева, «Ғылмани» мешітінің ұстазы Әлия Аусағатоваларға жүктелді.

Қосымша сұрақтар қойып, қатысушылардың білімін жан-жақты тексерген қазылар алқасының ұйғарымымен «Блім байқауының» бас жүлдесі Көкенова Сарқыт апамызға бұйырды. Ал, Кенжегұлова Меруертке ІІ-орын беріліп, Орманова Бибісара апамыз жүлделі ІІІ-орынмен марапатталды. Білім байқауының ақтық айналымына шығып, жарыс көрігін қыздырған қалған қатысушыларға «Ынталандыру сыйлығы» беріліп, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру