БАӘ мектептерінде әдептілік емтихандары өткізілмек

06 ақпан 2019 6263 0
Оқу режимі

БАӘ билігі әдеп тәрбиесі бойынша мектеп оқушыларынан емтихан алып, жасөспірімдер бойындағы игі қасиеттерін бағалауды бастап көргелі отыр. Қаңтар айының соңында Абу-Даби қаласында өткен конференция барысында UAE Moral Education Programme компаниясының өкілдері өз жобаларын ұсынған болатын.

Осыған орай, енді әмірліктің 70 мектебіндегі 3,5,7 және 9-сыныпта оқитын 10 000 оқушы алғашқы сынақ тәжірибесінен өтіп, тест тапсыратын болмақ.

Аталмыш бағдарлама бойынша басқарманың жауапты директоры Мухаммед Әл Неаими айтуынша, бұл жоба психометрикалық сауалдар арқылы оқушының түсінік деңгейін анықтап, тиімділігі бірден байқалатын көрінеді.

Тегтер: БАӘ мектеп

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру