Балаларды мешітке шақырудың тың тәсілін қолданысқа енгізді

13 тамыз 2018 6661 0
Оқу режимі

Мысыр елінде жас балаларды мешітке шақырудың тың тәсілі қолданысқа енгізіліп отыр. Әл-Бехейра округіндегі Даманхур қаласында орналасқан Нассероде мешітінің имамдары 10 мен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Алла үйін көбірек зиярат ету сайысын ұйымдастырған екен. Бір қызығы, балаларды қызықтыра түсу үшін мешіт имамдары сайыс қорытындысы бойынша қаржылай жүлде белгілеген.

Сайыс шарты бойынша, кімде-кім 40 күн бойы таң намазына үзбей қатысатын болса, 55 доллар көлемінде сыйақы алатын болады.

Мешіт имамы Мухаммед Алямның айтуынша, бұл сайыстың өткізілуіне мешітке келуші жамағаттың бірі мұрындық болған көрінеді. Игі бастама көтерген әлгі жан сайысқа қажетті қаржыны да өз мойнына алған екен.

Пікірлер Кіру