Балаларға арналған ойын алаңқайы ашылды (ФОТО)

01 маусым 2020 461 0
Оқу режимі

1-маусым – Балаларды қорғау күнінің құрметіне ҚМДБ-ның қызметтік үйі жанынан балаларға арналған ойын алаңқайы ашылды.

Ойын алаңқайының ашылу шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

– Балаға үлгілі тәлім-тәрбие беру – ана-ананың негізгі міндеті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балаларыңызға жақсылық жасаңыздар және дұрыс тәрбие беріңіздер» деген. Бұл ойын алаңқайы – үлкендердің балаларға дайындаған кішігірім жақсылығы. Осы жерде ойын ойнаған балалар ертеңгі күні қоғамға пайдасы тиетін ой ойлаған саналы азаматқа айналсын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан кейін балалар алаңқайға кіруге асығып, ағаларының қолынан балмұздақ, басқа да тәттілер алып, бір жасап қалды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру