БАС ИМАМ «АҚМЕШІТ» ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

02 сәуір 2023 2245 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша биыл да қасиетті Рамазан айында қаладағы мешіттерді арнайы аралап, тыныс-тіршілігімен тікелей танысып келеді. Ұлық ай басталғалы бірнеше құлшылық ордасының жай-күйіне көзімен көріп, арнайы зиярат жасаған Бас имам бүгін «Ақмешітке» келіп, жамағатпен жүздесті.

2018 жылы желтоқсан айында салтанатты ашылған «Ақмешіт» мешітінің сыйымдылығы – 1200 адам. Мешіт жанында «Астана» медресе-колледжі орналасқан. Қасиетті Рамазан айында мешіт мейрамханасында күнделікті 140 адамға тегін ауызашар беріліп келеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру