Бас имам бастаған ұжым тарату жұмыстарын тұрақты түрде қолға алды (ФОТО)

26 наурыз 2020 156 0
Оқу режимі

Елімізде жарияланған төтенше жағдай байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік көмек үлестіру жұмыстары әлі де жалғасу үстінде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан игі шара шарапаты жоспар бойынша Бас шаһардағы 5000-нан астам отбасыны қамтуы тиіс. 19-наурыздан басталған қайырымдылық шарасы сәуір айына дейін жалғасатын болмақ.

Аталмыш әлеуметтік көмек пакеттерін тарату жұмыстарына ҚМДБ Нұр-Cұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлері басталған күннен бері қызу қолдау көрсетіп келеді. Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы қайырымдылық акциясына күн сайын қол ұшын созып, көмекке мұқтаж жандарға арнайы азық-түлік қоры мен гигиеналық заттар жиынтығын жеткізіп беруді игі үрдіске айналдыруда.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру