БАС ИМАМ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

02 ақпан 2024 864 0
Оқу режимі

ҚМДБ, Астана қаласы өкілі Жүсіпов Ерболат имамның бастамасымен Астана қалалық «Зерде» зияткерлік дарынды балаларға арналған мектептің 7-11 сыныптар арасында Физика пәнінен "Мақсұт Алихан" атындағы ll олимпиядаға қолдау білдіріп, бағалы сыйлықтармен марапаттар ұсынды. Сонымен қатар Ерболат Нұрылдаұлы жас ұрпаққа әкелік ақ батасын берді. Олимпиаданың жеңімпаздарына «Мазмұндама» баспасынан жарық көрген саналы азамат болып қалыптасуға аса қажетті кітаптардың топтамасын сыйға тартты. Ерболат Нұрылдаұлы мешіттің тек діни бағытта ғана емес, әдеби, мәдени, ғылыми шаралардың барлығына қолдау көрсететінін айтып, жас ұрпаққа қазақтың ата дәстүрінің маңызын түсіндірді.

 

 

 

Пікірлер Кіру