БАС ИМАМ ҚАР ТАЗАЛАУШЫЛАРҒА ЖАҢА КИІМДЕР СЫЙҒА ТАРТТЫ (ФОТО)

22 қаңтар 2024 1048 0
Оқу режимі

Қаңтардың қызылшұнақ аязды күндері Астана қаласына жауған қар адам аяғымен күртіктеніп қатып, ұйтқыған боранмен үйілген қар  «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын ерекше басып қалған еді. Бүгін қаланың қар тазалаушы жұмысшылары мешіт аумағын үйілген күртік қардан толық тазалап, жамағаттың келіп-кетуіне қолайлы жағдай туғызды.

 Осыған орай Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бір топ қар тазалаушы жұмысшыларға разылығын жеткізіп, оларға қыс мезгілінде  киетін жаңа  қыстық сырт киімдер (куртка) сыйға тартты.

 

Пікірлер Кіру